Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО шенеуніктеріне психолог көмегі қажет

Әсіресе ШҚО Білім саласын бақылау департаментінің жұмысшылары мемлекеттік қызметкерлердің күйбең тірлігіне шыдамсыз болып шықты

Кадр тұрақсыздығы, мамандар жетіспеушілігі мен мекемедегі құқықбұзушылықтар салдарынан Департамент ұжымы қиын моральдық-психологиялық күйге түскен.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінде өткен Әдеп жөніндегі кеңесте Білім саласын бақылау департаменті басшысының м.а. Гүлмира Тұрарова айтты.

- Жағдай қиын, - деді ол. - Ұжым ішінде туындаған қиын жағдайдың басты себебі – жалпы жұмысшылар саны 8 болса, 5 бос жұмыс орны бар. Қазір барлық бос орындар толып, жағдай оңалды. Бірақ бәрібір қызметкерлермен жұмыс жасау үшін психолог шақырғым келеді.

Алайда Қоғамдық кеңес мүшелері Гүлмира Тұрарованың бастамасын күмәнмен қарады. Тіпті, "ШҚО Талдау және болжау институты" ЖШС директоры Олег Чернышов жалпы департаменттің облысқа қажет екеніне күдік келтірді. Ал ШҚО Мәслихат хатшысы Владимир Головатюк бұл тек жауапкершілікті біреудің мойнына арта салу деп түсінді.

- Жұмыстағы қиындықтар мен мәселелер басшының біліксіздігінен туындайды, - дейді Владимир Головатюк. - Бізде облыста бір бөлімдерде 40 адамнан жұмыс істейді. Бұндай мәселелер туындаған емес. Меніңше, психолог көмегі жауапкершілікті өзгеге арта салуға ұқсайды.


Следующая →