Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Жұмыстың нәтижелері қуантпайды, себебі қоғамдық көліктің техникалық базасы және жұмыс сапасы төмен деңгейде
Облыс орталығының автобус желісін оңтайландыруды және кейбір бағыттарды қайта қарауды жоспарлау жылдың басынан белгілі болды. Осы мақсатта қазіргі уақытта "Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институты" ЖШС мамандары Өскемен қаласында қоғамдық көлік жұмысын талдауда.
Өскемен қаласының әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір деректердің басым бөлігі жиналған және ақпарат талданды.
- Бүгінгі күні қаланың 57 автобус және шағын автобус маршруттарын 10 тасымалдаушы-компаниялармен қамтамасыз етілді, - деді "Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институты" ЖШС бас директорының орынбасары Байболат Баймаханбет. - Орташа алғанда, облыс орталығының автобусы тәулігіне 282543 адамды тасымалдайды. Негізгі ағын қала орталығындағы Спорт Сарайы, Орталық базар және Тәуелсіздік даңғылының бойында орналасқан.