ШҚО мемлекеттік қызметшілері көліктерін жеке мақсатта қолданған
Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттілік рейд жүргізу барысында кейбір қызметтік көліктердің жол парағы болмай шыққан
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті қазан айында рейд жүргізіп, Өскемен қаласы мектептері мен балабақшаларының қызметтік жайын тексерген.
- Рейд нәтижесінде қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдалану бойынша бес дерек тіркелген. Ал қызметтік көлікті мақсатсыз қолдану, тиімсіз қолдану бойынша 30 дерек анықталған, - дейді мекеме.
Рейд барысында қызметтік көліктердің жұмыс уақытынан кейін де қолданылғаны әрі оны мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін тұлғалардың басқарғаны анықталды.
Тексеру нәтижесі бойынша жауапты тұлғаларға тәртіптік жауапкершілік берілді.