ШҚО-да жол қозғалысы қауіпсіздігі күшейтілмек
Облыс полицейлері Дүниежүзілік ЖКО құрбандарын еске алу күніне орай бірқатар шараларды жоспарлауда
Шығыс Қазақстан облысында 12-18 қараша аралығында жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE.
- Жол қозғалысы қауіпсіздігінің мәселелеріне қоғамның назарын аудару қажет, - деді Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. - Бұл үшін Әкімшілік полиция басқармасының өкілдері адамдарға жарақаттануды азайтуға бағытталған балаларға арналған қауіпсіздік құрылғыларының қолданылуы жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қатар, 15 қарашада облыста ең үздік автомектеп таңдап алынады. Конкурс ШҚО ПД-ның тіркеу және емтихан жұмысы бөлімінің емтихан сыныбында өтеді. Ал 18 қарашада Дүниежүзілік ЖКО құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шаралар өтеді.