Өскеменде банк қызметкерлері арасында спартакиада өтті
О. Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде бес спорт түрінен 400-ге жуық адам күш сынасты
Шара ұлттық валюта - теңгенің 25 жылдық мерейтойына арналды.
Банк қызметкерлері футбол, волейбол, теннис, жүзу және жеңіл атлетикалық жүгірістен физикалық дайындықтарын көрсетті.
Өскемен әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жеңіпмаздар кубок, грамота мен бағалы сыйлықтарға ие болды.