Семейде көпқабатты үйлердің аулалары жөнделеді
Семейде үш жыл бойы аулаларды жөндеу жұмыстары басталмақ
Қаланың кейбір аулалары қазірдің өзінде жөнделіп қойған: аулаларға асфальт төселіп, бордюрлер қойылған, көшеттер отырғызылған.
Ал облыс әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, жөнделетін аулалардың саны жыл сайын көбеймек.
- Келесі жылы аула жөндеу жұмыстарына 1 млрд теңге бөлінеді. 2020 жылы да дәл сондай қаржы бөлінетін болады. Үш жылдың ішінде қаладағы аулалардың көпшілігін жөндеп бітеріміз, - дейді Семей қаласына жасаған іссапарында.
Одан бөлек, Даниал Ахметов алдағы уақытта қаланың ыстық сумен қамтамасыз етілетінін де айтты.