Қызметінен қуылған Өскемен полицейлеріне сот шешімін көрсетпей отыр
Полицейлердің жаппай жұмыстан шығарылуына Макаров тапаншасы себеп болған. Тапанша бір бөлімнен екінші бөлімге ауысып жатқан кезде жоғалғаны белгілі болды
Бұл оқиғаға 12 адамның қатысы бар.
- Егер қару тасымалдау уақытында жоғалған болса, онда бұл адамдар жауапқа тартылулары керек. Егер жұмыс уақытында басқа адамдар жоғалтқан болса, онда солар кінәлі. Алайда олардың барлығына кінә тағуға болмайды, - дейді Шығыс Қазақстан адвокаттар алқасының адвокаты Сергей Шигрин.
Адвокаттың айтуынша, екі полиция қызметкерінің жұмысы қалпына келтірілген. Қалған он адамның тағдыры әлі белгісіз. Алайда қызметтік қаруды жоғалту туралы мәселе қалалық сотта "құпия" қаралуда.
Құпия болғаны соншалықты, тіпті, процес қатысушыларының өздеріне бір ай бойы сот шешімі берілмеген. Бұрынғы полиция қызметкерлері өздерінің кінәсін мойындамайды және кінәлі анықталмай, өздерінің жұмыстан қуылғаны заңсыз деп сенеді.