Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да зейнеткер мемлекеттен екі миллион теңге ұрлаған

Егде жастағы әйел жұмыссыз азаматтарды мемлекеттік бағдарлама арқылы жалған жұмысқа орналастырып, сол арқылы мемлекеттен субсидия алған

Өзінің алаятық жоспарын жүзеге асыру үшін ол тіпті бүтін схема ойлап тапқан.

Жеке кәсіпкерлікпен айналысып отырған әйел Өскемен қалалық жұмыспен қамту орталығының бағдарламасына қатысып, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырмақ болған. Жұмыс беруші ретінде тіркелген азаматша бір жыл бойы ай сайын орталыққы жұмыспен қамтыған азаматтар туралы жалған ақпарат беріп отырған. Осылайша оның шотына мемлекеттен субсидия бөлініп отырған. Расында тізімдегі адамдар жеке кәсіпкерде жұмыс істемеген.

Анықталғандай мемелекет осы уақытқа дейін алаяқтың шотына 2 миллион 627 мың теңге аударған.

Өскемен қалалық №2 сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, сот залында айыпталушы өз кінәсін мойындамады. Алайда сот алаяқты ҚР ҚК 190-бабы 3-тармағы 1-тармақшасы бойынша кінәлі деп тапты. Зейнеткер алғаш рет алаяқтық әрекет жасағандықтан және оған жақсы мінездеме берілгендіктен, сот оның мүлкін тәркілемей, төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.


Следующая →