ШҚО тас жолдарында жылынуға болатын пунктілер ашылды
Шығыс Қазақстанның қауіпті тас жолдарында жүргізішулер мен тоңып қалған азаматтарға көмек көрсететін төрт әлеуметтік медициналық және 16 жылыну пунктілері ашылды
Пункт тәулік бойы жұмыс істейді, ішінде дәрігер, фельдшер, диспетчер, құтқарушы және жүргізуші құтқарушы отырады. Мұнда арнайы медициналық техникалар мен құрал-жабдықтар қойылған. Тікұшақ қонуға болатын алаңдары да бар.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, жол апатынан жарақат алғана азаматтарға медициналық, құтқару қызметтерін көрсететін арнайы құрал-жабдықтар бар.
Мұнда, тіпті, шай ішіп, жылынуға да болады.