Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен қаласының әкімі жоғары нәтиже көрсеткен жеке меншік мектептерге қаржы бөлмек

Жақсылық Омар жеке меншік екі мектепке барып қайтты әрі олардың ҰБТ-дан жинаған балының төмен екендігін айтты

Қала басшысы "Бриг" және "Исток" жеке меншік мектептеріне барып қайтты. Мектептермен танысу барысында білім беру мекемесі әкімшілігінің білім беру сапасына да көп мән беру керектігін айтты.

Аталған мектептерде спорт зал жоқ, спорт алаңдары нашар. Сыныпта балалар аз, ал мұғалімдер жетерлік. Бірақ ҰБТ-дан жинаған орташа балдары – 80 балл. Бұл – Өскемендегі ең төменгі көрсеткіш.

- Мектеп жеке меншік болғанымен, оның білім сапасын қадағалау қала әкімшілігінің міндетіне жатады. Мұндай мектептер лицензиядан өтеді әрі стандарттарға сай болуы тиіс, - дейді Жақсылық Омар.

Қала әкімі 1 қаңтардан бастап мемлекеттік тапсырыс арқылы тікелей қаржыландыруға мүмкіндік беретін заңнама қолданысқа енетінін, сол арқылы жеке меншік мектептерді де қаржыландыруға дайын екендігін жеткізді.

- Серіктестіктің де мүддесі болуы қажет. Биліктен құр қол көмек күтуге болмайды, білім сапасын күшейтіп, нәтижелерді жақсартып, инвестиция тарту керек, - дейді Жақсылық Омар.

Айта кеткен жөн, "Исток" мектебінің жанында 100 бүлдіршінге арналған балабақша бар. Оған жыл сайын мемлекеттік тапырыс бойынша әр балаға 216 мың теңгеден қаржы бөлінеді.


Следующая →