Өскеменде жоғалып кеткен такси жүргізушісінің мәйіті табылды
Алтай Қалиев 30 қараша күні түнде үйден шығып кеткеннен қайтып оралмаған еді
Ал сол күні туған күні болған әрі 55 жасқа толған ер адамның үйден неліктен және қайда шығып кеткені белгісіз болатын. Үйге оралмағанына бес күн болған кезде, туыстары дабыл көтеріп, оны жан-жақтан іздей бастады. Іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылған еді.
Ал кеше Алтай Қалиевтің өлі денесі табылған.
Әзірше облыстық полиция департаменті бұған қатысты хабар тарата қоймады.