Меновное ауылындағы апатқа автобус жүргізушісі кінәлі
Полиция қызметкерлері қоғамдық көліктің жеңіл көлікке жол бермегендігін анықтаған
Естеріңізге сала кетсек, таңертең Ярославский көшесі бойында жол-көлік апаты орын алған болатын. Полиция қызметкерлері №55 қоғамдық көліктің "ВАЗ-2107" маркалы жеңіл көлікке жол бермегендігін анықтаған, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Оның салдарынан "Жигули" көлігі қоғамдық көлікті басып озғанның орнына оған барып соғылған. Соққыдан кейін жеңіл көлік бағанға барып соғылған.
- 53 жастағы автобус жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөліміне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлайды Өскемен қалалық полициясының баспасөз қызметі.
Орын алған апат салдарынан жеңіл көлік қатты зақымданған. Ал оның жүргізушісі жеңіл дене жарақаттарын алған.