Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Семейдегі бір балабақшада үш баладан менингит инфекциясы анықталған

Семей қаласындағы "Жұлдыз-Ардақ" балабақшасындағы балалар бірінен соң бірі менингит жұқпалы инфекциясын жұқтырып, ауруханада жатыр

Десе де, балабақша әкімшілігі балабақшаға карантин жариялауға асығар емес.

Соңғы екі апта ішінде "Жұлдыз-Ардақ" балабақшасында 2 баладан менингит инфекциясы анықталса, 3-ші бала тексерістен өтуде.

Аталмыш балабақшаның "Жүзім" тобында инфекция расталып, 26 қазаннан 12 қарашаға дейін карантин жарияланған. Артынша апта соңында тағы бір бүлдіршін ауырып, жедел ауруханаға түскен. Ата-аналар балабақша әкімшілігінің бірінші жағдайдан кейін белгілі бір топқа ғана емес, балабақшада толығымен карантин жарияламағанына наразы. Себебі олар инфекция балабақша ішін кезіп жүргеніне сенімді. Оның үстіне ауру қабылдап үлгерген балалар балабақшаның көпшілік іс-шарасына қатысқан.

- Қызым 28 қазанда балабақшадағы шараға қатысқан болатын. Содан кейін-ақ ауыра бастады. Баламның дене қызуы көтеріліп, құса бастады. Буындары ауырып, бірнеше сағат өткен соң аяқтары қызарды, - дейді "Құралай" тобындағы Айзеренің анасы Қорлан.

Шұғыл түрде шақырылған жедел жәрдем баланы 1 қараша күні ауруханаға жеткізген. Жұлынынан пункция алып, дәрігерлер менингит екенін нақтылап берген.

Ата-ананың айтуы бойынша, бала қаладағы көпшілік орындарға бармаған, тіпті, қоғамдық көлікпен де жүрмеген. Демалыс күндері де үйде болған. Себебін тек алдындағы жағдаймен ғана байланыстырады.

- 1-ші жағдай расталып, СЭС "Жүзім" тобына карантин жариялап, бізге қаулы жазып берді. 2-ші жағдай сенбі күні расталды. Алайда Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы әлі қаулы бекіткен жоқ. Бізге тек бір топқа ғана шектеу қойғандықтан, басқа іс-шаралар күнтізбе бойынша өте береді, - деп түсіндіреді, - "Жұлдыз-Ардақ" балабақшасының әдіскері Маржан Оразғалиқызы. - Балабақшаға толығымен карантин жариялау біздің құзырымызға жатпайды.

Ал Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы бұл жәйттан хабарсыз екендіктерін айтып, әзірше түсініктеме беруден бас тартып отыр.

Еске сала кетейік, менингиттік инфекция ең көп дегенде 21 күннің ішінде жұлын мен ми қабатының сыртқы қатпарын жалмайды және ауру бір сәтте жұқпайды. Яғни, 3 аптадай уақыттан соң да жұғуы мүмкін.

Следующая →