Өскеменде бес күннің ішінде алты өрт орын алды
Өрт оқиғаларының 95%-ы адамның кесірінен болады
Өскемен қаласының өрт сөндірушілері үшін қараша айының басы біраз әурешілікке толы болды. Өйткені бес күннің ішінде алты бірдей өрт оқиғасы болды. Бұл күндері жер үй, коттедж, екі мойынша мен көлікжай өртенді.
Ал бірінші қараша күні Люксембург көшесінде орналасқан жер үйдің едені өртеніп, өрт сөндірушілер келді. Төртінші қараша күні төрт бірдей өрт болды. Бұл күндері Сафонова, Енисейский, Вокзальная көшелері мен "Металлург-5" саяжай бірлестігіндегі жер үйлер өртенген.
Өскемен қаласы ТЖБ баспасөз қызметі хабарлағандай, жыл басынан бері қалада 200-ден аса өрт болған, 18 адам көз жұмған.