Өскемен қаласының әкімшілігі жүргізушілерге жол күреу жұмыстарына кедергі келтірмеуін өтінеді
Көше бойына қойылған көліктері трактордың жүруіне кедергі келтіреді
Қар жауа бастағаннан-ақ қаланың коммуналды қызметі жолдың жағдайына үнемі мониторинг жасап отыратын болды. Қар жауа бастаған сәтте техникалар да көшеге шығып, қар күреуге кіріседі. Соған байланысты қала әкімдігі тұрғындарға көліктерін көше бойына қойып кетпеулерін өтініп отыр.
- Сонымен қатар, пәтер иелері кооперативі де аулаларды тазалап отырсын, - дейді билік өкілдері.