Екі жылдың ішінде облыс тұрғындарынан сатып алынған сүт алты есе өскен
"Нұр Отан" партиясының ШҚ филиалы өткізген XXI есептік конференциясында аймақ басшысы тұрғындардан сүт сатып алу көрсеткішінің өсіп келе жатқанын айтты
Шығыс Қазақстанның аграрлы кешендері сүт шаруашылығын тиімді дамытуда. Екі жылдың ішінде алты сүт фермасы, 21 сүт қабылдау орындары ашылған. Соның арқасында кәсіпорындардың шикізатпен қамтылуы 2015 жылдан бері 29%-дан 65%-ға дейін өскен.
- Ал 2020 жылға дейін бұл көрсеткіш 85%-ға дейін өседі, - дейді "Нұр Отан" партиясының ШҚ филиалының төрағасы, аймақ басшысы Даниал Ахметов. - Ең басты айтарымыз, халықтан сүт сатып алу көлемі алты есе өскен!
Ал облыс әкімшілігі алдағы уақытта сүт өнімдерін көрші Қытайға экспорттаудың талаптарын пысықтауда.