ШҚО-да келесі жылдың соңына дейін 655 робототехника кабинеті ашылмақ
Бұл жобаны "Нұр Отан" партиясы қолға алып отыр
Елбасы биылғы жолдауында мектеп оқушыларын болашағы зор мамандықтарға баулу қажеттігін ескерткен болатын. Соған сай, "Нұр Отан" партиясының өңірлік филиалы робототехника сыныптарын көбейтуді ойлап отыр.
- Біз аз ғана уақыттың ішінде өз күшімізбен бағдарламалау, робототехника, 3D-үлгілеу мен мехатроника бойынша 118 мың оқушыны оқытып шығардық. Ендігі жылы да жарты жылдың ішінде облыс мектептерінің барлығын робототехника кабинеттерімен қамтамасыз етеміз деп ойлаймыз. Қазір 277 кабинет бар, енді 655-ін ашу керек, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.