Шығысқазақстандықтарға қатты дабыл дыбысынан секем алмауды ескертеді
Ертең аймақта қауіп төнген немесе төтенше жағдайларға дайындық дыбыс сиреналары ойнайды
1 қарашада сағат 8.00-ден 10.00-ге дейін Шығыс Қазақстан облысында "Қыс 2018" командалық-штабтық жаттығулары өтеді. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тыныштық сақтауды сұрайды.
- Дабыл "Барлығының назарына" деген мағынаны білдіретіндігін ұғыну керек, - деп атап өтті бөлімдегілер. - Ол дыбыстан қорықпау керек.
Дабыл жүйесі ТЖ кезінде халықты құлақтандыру үшін іске қосылады. Дабыл дыбысын ести салып, 104,0 жиілігіндегі "Қазақ радиосын" қосып немесе жергілікті "Хабар", "31 арна", "КТК", "Қазақстан" арналарын қосып, дабыл жүйесі неліктен іске қосылғаны жайлы ақпаратты мұқият тыңдау керек.