ШҚО оқушылары Бразилиядағы халықаралық олимпиадада үздік атанды
"Нұрорда" лицейінің бес оқушысы бес алтын, бір күміс және төрт қола медальмен елге оралды
Байқау әлемнің 40 елінен 1000-нан астам студент қатысқан 33-ші "Mostratec" халықаралық білім беру көрмесі аясында өткізілді.
Нұрордалықтар финалда төрт жобаны ұсынды. Қазақстаннан келген делегациялар ішінен медальдар бойынша Дилназ Исламбекова мен Малика Исабаева рекорд орнатты. Олар физика саласындағы жобаны қорғап, Қазақстаннан келгендер ішінен ең үздік деп танылды.
Математика пәнінен жоба қорғаған Ерасыл Махабаев олимпиада демеушілерінен күміс және "Математика" бағыты бойынша қола, барлығы екі медаль жеңіп алды.
Анель Руслан мен Мидель Маткаримов тіл (ағылшын тілі) бойынша жобаны қорғап, қоржындарына алтын мен қола медаль салды.