Өскеменнің ірі кәсіпорындарында еңбекақы көтеріледі
Елбасының биылғы жолдауына байланысты Өскеменнің ірі кәсіпорындары да еңбекақыны көтеруді ойлап отыр
Ал еңбекақының қандай көлемде өсетіндігін Қазмырыш пен АзияАвто кәсіпорындарының өкілдері айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE.
"Қазмырыш" ЖШС бас директоры Александр Хмелевтің хабарлауынша, жақын уақытта кәсіпорын қызметкерлері де еңбекақының қалай өсетіндігін жұмысшыларға түсіндірмек.
- Қазіргі уақытта есептеу жұмыстары жасалып жатыр, келесі аптада түсіндіру қызметінің мамандары әрбір бөлімге кіріп, жұмысшыларға еңбекақының көбею көлемі жайында мағлұмат береді, - дейді Александр Хмелев.
Ал АзияАвто компаниясының басшылығы еңбекақығы қанша көлемде қаржы қосылатындығын есептеп қойған.
- Қызметкерлердің еңбекақысы, орта есеппен, 20%-ға өсіп отыр. Қызметкерлеріміздің орташа еңбекақысы – 226 мың теңге, ал ең төменгі еңбекақы – 94 мың теңге. Бұл Қазақстандағы ең төменгі жалақы көлемінен үш есе көп, - дейді компания президенті Ерік Сығымбаев.