Өскеменде жол апаты орын алды
Өскемен қаласында шетелдік автомобиль джипке соқтығысып, трамвай жолына шығып кеткен
Ірі жол-көлік апаты кеше облыс орталығының ең маңызды жолдарының бірінде орын алған.
Апат Абай даңғылы бойындағы таксилер паркі маңында орын алған. Атап айтқанда, даңғыл бойында Volkswagen Golf және Honda CR-V көліктері соқтығысқан, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Апат салдарынан неміс маркалы көлік трамвай жолына қарай бірақ шыққан. Көліктің артқы дөңгелегі ұшып кеткен және шанағының артқы бөлігі зақымдалды.
- Неміс көлігінің тізгінінде 1984 жылғы жүргізуші болған. Ол көлікті қоятын орыннан шыға бергенде Бажов көшесі бойымен Тракторный көшесіне қарай бағыт алып келе жатқан Honda көлігіне жол бермеген, - деп Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметі хабарлады. - Соның салдарынан екі көлік соқтығысып қалған. Volkswagen Golf жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы бойынша хаттама толтырылды.
Полия қызметкерлерінің хабарлауынша, орын алған жол-көлік апаты салдарынан ешкім зардап шекпеген.