ШҚО тас жолында сілеусін жүр
Жабайы мысықтың жолда келе жатқанын автожүргізушілердің бірі бейнекамераға түсіріп алып, Instagram әлеуметтік желісіне жүктеген
Бейнежазбада орман жануарының жол жиегінде ақырын жүріп келе жатқаны көрінеді.
Бейнежазба авторының айтуынша, ерекше оқиға Бұқтырма-Өскемен тас жолында болған.
Автокөлік жүргізушісінің жабайы жануарды шақырған дауысын естіген мысық басын бұрып қарап, жол бойымен баяу, автокөлікпен параллель жолын жалғастыра берген.
Тұрғындардың айтуынша, аймақтық бағыттың осы бөлігінде жабайы жануарлардың жиі кездесіп тұруы Осинов асуы бағыты бойынша жаңа жолдың құрылуымен байланысты.
Следующая →