Өскемен
ясно
+3°
  • Өскемен
    +3°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +11°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +17°
$
479.23
534.96
¥
68.35
5.16
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да мектеп есепшісі жеті миллион теңгені жымқырған

Көкпекті ауданындағы мектептердің бірінде есепші болып жұмыс істейтін келіншек мемлекет қазынасындағы қаржыны жеке басының қажеттіліктеріне жұмсаған

Айлакер есепші мектеп директорының электронды цифрлы қолтаңбасын пайдалана отырып, жалған тұлғалардың атына, артынша өзіне қосымша еңбекақы аударымдарын жасап алған.

Көкпекті аудандық сотының баспасөз қызметі ұсынған ақпараттарға сүйенсек, қылмыстың әрекеттерінің салдарынан келіншек мемлекетке 7 млн 177 мың 923 теңге көлемінде шығын келтірген.

Сот азаматшаны ҚР ҚК 189-бабы 3-тармағы 1 және 2-пунктері бойынша кінәлі деп тауып, үш жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындады. Мүлкі тәркіленбейді. Алайда өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Жазасын қауіптілігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Алайда сот оның жағдайына кіре отырып, ҚР ҚК 74-бабы 1-тармағы негізінде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау мерзімін ұзартты. Енді ол тек үш жылдан кейін ғана жазасын өтейтін болады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.


Следующая →