Жібек Жолы көшесі қазан айының соңына дейін жөнделіп бітеді
Мұны Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар айтып отыр
Жібек Жолымен қатар, Сәтпаев даңғылының де бітпей қалған жол телімі қазан айының аяғына дейін жөнделіп аяқталатын болады.
Өскемен қаласының Фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарлағандай, қала басшысы алдымен осы нысандарға көңіл бөлу керектігін алға тартқан.
- Қазан айының соңына дейін Жібек Жолы көшесі мен оның Сәтпаев даңғылына қарай оң жақпен бұрылатын қосымша бұрылысына дейін жөндеп бітуді жоспарлап отырмыз. Одан бөлек, Сәтпаев даңғылының Жібек Жолы көшесі мен Қазыбек би даңғылына дейінгі жолды да жөндеп бітіру жоспарда тұр, - дейді қала басшысы.
Бұдан бөлек, қала әкімі Астана мен Протозанов көшелерінің де жөндеу, абаттандыру жұмыстарын назардан тыс қалдырмау керектігін ескертті.