Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Көкпекті ауданының мемлекеттік қызметкерлері ауыл тұрғынынан жер телімінің құжаттарын тезірек рәсімдеп беруге көмектесеміз деп 150 мың теңге пара алған
Параны аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы алған, ал оған ауданның кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы көмектескен.
Көкпекті аудандық баспасөз қызметі хабарлағандай, сот күдіктілерді ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп таупты.
Қылмыскерлерге 4 млн 500 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Одан өзге бұл шенеуніктер енді өмір бойы мемлекеттік қызмет пен жергілікті өзін өзі басқару органдарында жұмыс істеу құқықтарынан айырылды.
Қаулы заңды күшіне енді.