Өскемендегі төрт қауіпті жол учаскесі бағдаршаммен жабдықталады
Әкімшілік полиция қоғам белсенділеріне жол қозғалысын реттейтін құрылғыны қоюды ұсынды
Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында тәртіп сақшылары Өскемендегі төрт жол қиылысты жабдықтауды, соның арқасында апаттардың деңгейін төмендету туралы ұсыныс жасады.
Үш көзді "реттеушілерді" полицейлер Қазыбек би мен Өтепов көшелерінің қиылысына, Восточная және Пограничная көшелерінің қиылысына, Красин мен Ворошилов көшелерінің қиылысына, сондай-ақ, Қазақстан көшесі бойындағы Пушкин кітапханасына қарама-қарсы жақтағы жаяу жүргіншілер жолына қоюды ұсынады.
- Бұл аудандарда жол қозғалысы мен жолаушылардың қозғалысы жоғары, сондай-ақ жол апатының жоғары деңгейі бар, - деді ШҚО Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Сергей Коваленко.
Қоғамдық кеңес бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Жұмыстарды келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр.