Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

Өрт сөндірушілер Зырянда жарылыстың алдын алды

Зыряндағы Интернациональная көшесіндегі жер үйдің есік алдында түнгі екіде өрт шыққан

Өрт моншаның шатырын, шаруашылық құрылыс нысандарын шарпыған.

Өрттің шыққаны көршілер байқап, өрт сөндіру қызметін шақыртқан. Оқиға орнына бірден екі өрт сөндіру көлігі жеткен.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, мамандар үй ішінде газ баллоны тұрғанын байқап, далаға алып шыққан. Артынша тілсіз жауды ауыздықтауға кірісіп, өртті сөндірген.

Мамандардың сөзіне сүйенсек, хабар 30 минутқа кешігіп түскенде жағдай қиын болар еді. Өрт 25 шаршы метр алаңды қамтыған.

Өрттің шығуы бойынша бірнеше нұсқа қарастырылуда – электр құрылғыларын пайдалану және жөндеу кезінде өрт қауіпсіздік техникаларын сақтамау немесе отқа салғырт қарау.


Следующая →