Көлік тізгіндеген мас бойжеткен апатқа себепкер болды
Өскемен қаласының орталығында кеше кешкі уақытта Комендантка өзені үстіндегі көпірде ауыр апат орын алып, екі көлік жүргізушісі де зардап шекті
Тәуелсіздік даңғылы мен Серікбаев көшелері қиылысында екі шетел көлігі бір-бірімен бетпе-бет соқтығысқан.
- Hyunday Getz көлігінің тізгінінде 1997 жылғы бойжеткен отырған, - деп хабарлайды Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз қызметі. - Көлікті мас күйінде басқарған қыз көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Қарсы жолақта Volkswagen Passat көлігімен соқтығысқан.Екі көлік жүргізушісі де жарақат алған. Алайда ауруханаға жеткізіліп, тексерістен өткеннен кейін үйлеріне жіберілді.
Енді заң бұзған бойжеткен жазадан құтыла алмасы анық. Өйткені оның, тіпті, көлік жүргізуге рұқсат куәлігі де болмаған. Оған қатысты ҚР ӘҚК 608-бабы бойынша хаттама толтырылды.
Өскемен қалалық ІІБ хабарлағандай, бойжеткеннің жазасын сот тағайындайтын болады.