Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Түмен қаласына қонақта болған "Торпедо" лайықты ойын көрсете алмады
Жоғары хоккей лигасы ойындарына қатысып жатқан "Торпедо" жеңілістен көз ашпады. Бұл жолы Түмен қаласына аттанған өскемендік клуб жергілікті "Рубин" командасымен кездесіп, 2:4 есебімен жеңілді.
Ойынның бірінші кезеңінде екі команда да тең ойлап, қарқынды күш көрсетті. Ал екінші кезеңде "Торпедо" шаршап қалды ма, кім білсін, ойын басталысымен-ақ қақпасына екі шайба жіберіп алды. Ал үшінші кезеңде ойын мүлдем қызды, екі команданың ойыншылары төбелесіп қала жаздады. Әсіресе, екі команданың да ұпайы екіге теңескен кезде, бәсеке қыза түсті.
Ойынның 45-ші минутында Талғат Жайлауов қарсы қақпаға шайбы соғып, ұпай алды. Алайда 17 секунд ішінде қарсылас команда ұпай арттырып үлгерді. Ойынның 52-ші минутында соғылған шайбы "Торпедоның" еңсесін мүлдем езіп жіберді.
Өскемендік клуб келесі ойынын 28 қазан күні "Саров" хоккей клубымен өткізеді.