Өскемендік жас жігіттің жоғалғанына бір айдай уақыт болды
5 қазан күні ЖМК ауданындағы пәтерінен шығып кеткен 25 жастағы Тимур Дәулетжанұлы қайтып үйге оралмады
Жас жігіт үйден, шамамен, кешкі сағат 21.30-да шығып кеткен. Ал анасы болса, ұлынан үміт үзбей отыр.
- Қайда кетуі мүмкін, білмеймін. Достарын да танымаймын. Ұялы телефонына хабарлассам, өшіп жатыр, - дейді Тимурдың анасы Насима Омарова.
Анасының сөзіне қарағанда, ұлы бұрын да ұзақ уақыт үйге келмей кететін. Бірақ хабарласқан кезде, міндетті түрде жауап беретін.
Егер Тимур Дәулетжанұлы қандай да бір ақпарат білетін жан болса, 8-777-428-69-43 нөміріне хабарласуға болады.