Өскеменде "Гарри Поттердің ізімен" квесті өтеді
Оған "Белая сова" қолөнер және шығармашылық фестиваліне келгендер қатыса алады
28 қазан күні 10.00-ден 17.00-ге дейін Тәуелсіздік даңғ., 68 (ММҮ)"Белая сова" қолөнер және шығармашылық фестивалі өтеді.
Бұнда ерекше, табиғи материалдардан жасалған киім-кешек, бас киім, түрлі әшекейлер, ойыншықтар мен тұмар, қолдан жасалған сабын сатып ала аласыздар.
- Әр зат шебердің қолынан жалғыз данадан шыққан, - деп атап өтті ұйымдастырушылар. - Бұнда авторлық ойыншықтар, жастықшалар мен өзге де сүйкімді заттар көп болмақ.
Әр қонақ шебермен кездесіп, шебердің қолтаңбасы бар тас алуға мүмкіндік бар.
Бірінші рет осы фестиваль аясында "Гарри Поттердің ізімен" квесті өтеді. Оған барлығы да қатыса алады.