Өскемен тұрғындары қоғамдық көліктердің баяу жүретініне наразы
Кеше жаңбырлы күні тұрғындар бір сағат бойы автобус күткен
Кеше "Ивушка" дүкені алдына аялдамаға тоқтаған №17 қоғамдық маршрут жолға шықпай бір сағат бойы далада тұрған.
- Қолымда балам болған еді. Ал жүргізуші мен кондуктор 50 минут бойы жай ғана әңгімелесіп отырды. Ал "Неге жүрмейміз?" деген сұраққа кондуктор дөрекі жауап беріп, еденді жуу керектігін айтты. Далада жаңбыр жауып тұрғандықтан, еріксіз күттім, - деп жазды тұрғындардың бірі әлеуметтік желіде.
Мұндай жағдайда кімге барып арыздану керектігін де сұраған тұрғынға Өскемен қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі Жолаушыларды тасымалдау басқармасы орталығына хабарласу керектігін айтты: 26-40-58, 26-69-90.