Өскеменде тағы бір жәрмеңке орны пайда болады
Қала әкімшілігіне Мызы көшесінде демылыс күні жәрмеңке ұйымдастыруды ұсынды
Мызы көшесінде орналасқан "Альшемали" сауда үйінен демалыс күндері жәрмеңке өткізу үшін алаң бөлу туралы ұсынысты қала әкімі Жақсылық Омарға бизнесмен Сергей Коротин ұсынды.
Бұл туралы шаһар басшысы қалалық әкімдіктегі аппараттық кеңес кезінде айтты. Оның айтуынша, қажетті құралдармен қамтамасыз ету шығындарын кәсіпкер өз мойнына алуға дайын.
- Менің ойымша, жаман ой емес, - деп атап өтті Жақсылық Омар. - Оның үстіне қазір ММҮ маңында жәрмеңке ұйымдастырылмайды. Осы ұсынысты жақсылап ойланған жөн. Орын жәрмеңкеге ыңғайлы болса, өткізуге болады.
Жақсылық Омар тиісті бөлім басшыларына осы сұрақты жіті қарап шығуды тапсырды.
Айта кеткен жөн, ММҮ маңындағы жәрмеңкелер антисанитарлық талаптарға сай тоқтатылған болатын. Бірақ қалалық кәсіпкерлік бөлімі мәлімдегендей бұл тек уақытша шектеулер. Егер сауда орнына келіп жүрген сатушылар қажетті санитарлық, ветеринарлық талаптарды қатаң сақтайтын болса, жәрмеңке жұмысы қайта жанданады.