Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Дәрігерлер тапшылығы мен баспана дауы шешілмек

ШҚО-да жыл соңына дейін өңірлерге қажетті 58 дәрігер маман баспаналы болмақ. Бұл туралы облыстық әкімдіктің отырысында облыс әкімі Даниал Ахметов хабарлады

ШҚО ауруханаларында дәрігер тапшы екенін басы ауырып, балтыры сыздағанның бәрі біледі. Ұзын-сонар кезекті күтем дегенше сырқаты асқынып, дертіне дерт қосып қайтатындар аз емес.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шорановтың айтуынша, өңірдегі емханаларға жалпы практикалық дәрігерлер, акушер-гинекологтар, реанимотологтар, неонтолог дәрігерлер, оның ішінде 12 акушер-гинеколог, 8 неонтолог және 38 анестезиолог ауадай қажет.

Қазір облыс дәрігерлері мен орта буынды медицина қызметкерлерінің 30 пайызы зейнет жасына жеткен. Аймақтарды медициналық кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін аймақ басшысы Даниал Ахметов бұл 58 маманды жаңа жылға дейін үймен қамтамасыз етуді тапсырды.

- Аудан әкімдері денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп нақты қай жерге қандай дәрігерлер қажеттігін анықтауы керек, - дейді өңір басшысы. - Бұл дәрігерлерді қай жерден алып келетіндіктеріңізді білмеймін. Бірақ оларды жаңа жылға дейін үймен қамтамасыз етеміз. Дәрігерлер қолдарына қағаз ұстап, "маған жұмыс керек" деп жүрмейтіні түсінікті. Сондықтан оларды өңірлерге тарту сіздердің міндеттеріңіз.

Облыста жоғары технологиялармен жабдықталған жаңа емханалар салуға қажетті қаражаттар бөлінуде. Алайда медицина мамандарының жоқтығы медицина қызметінің сапасын төмендететіні айдан анық.

- Астанадағы "Ана мен бала орталығының" өкілдері біздегі орталықты, ондағы жабдықтарды көріп, Астанадағы орталықпен салыстырғанда әлдеқайда жақсы деп таңғалып кетті, - деп атап өтті Даниал Ахметов. - Өскемен мен Семейдегі "Ана мен бала орталағы" мен перинаталдық орталық үшінші деңгейліден төртінші деңгейлі орталыққа, ал Аягөз және Алтай қаласындағы инсульт орталықтары екінші деңгейден үшінші деңгейлі орталыққа өтеді.


Следующая →