Бүгін Өскеменде құтқарушылардың құрметіне арнап ескерткіш ашылды
Құтқарушылық қызмет атқарып жүріп көз жұмған қаһармандардың құрметіне ескерткіш ашылып, ресми шара барысында салтанатты оқ ату ұйымдастырылды
Ал ескерткіштің ашылу салтанатына қала кәсіпорны өкілдері мен көз жұмған ардагерлердің туған-туыстарды қатысты.
Төтенше жағдайлар қызметінің құрылғанына жиырма жылдай уақыт болды. Жиырма жылдық қызмет барысында төрт өрт сөндіруші мен екі құтқарушы қаза тапқан. Олардың құрметіне ескерткіш жанына гүл шқотары қойылды.
- ШҚО Төтенше жағдайлар гарнизонының мақтанарлықтай жетістіктері бар. Гарнизонның 120 қызметкері ерлік танытқаны үшін медальмен марапатталған, - дейді ТЖ қызметінің алғашқы басшыларының бірі Владимир Коншу.
Бүгін қаһармандық танытып қаза тапқандардың есімі мәңгілік тарихқа жазылды: Валерий Белоножко, Рақымғали Икенов, Сергей Белякин, Алмас Мұсақанов, Елдос Нүрпейісов, Владимир Синельников.