Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен трамвай паркі толығымен қалпына келтіріледі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі қала әкімдігі сатып алған көлік компаниясы жұмысқа дайын емес екеніне наразылық білдірді

Облыс орталығындағы трамвай паркінің күнделікті табысы 1 миллион теңгеден аспайды, ал "Ертіс" ӘКК 80 миллион теңгеге жалға беруде.

Бұл туралы бүгін дағдарысқа қарсы кездесуде аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.

- Бұл дұрыс емес және бұл іс парктің банкрот болуына бағытталып отыр. 30 жылда парк жөнделмеген және жаңартылмаған. Мемлекет оны сатып алды, енді оның оңалту бағдарламасын жасайық. Халықтың 30 пайызы трамвайларды пайдаланып отырғанда, оларды көліксіз қалдыра алмаймыз, - деді облыс әкімі. 

Облыс әкімі Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омарға, Шығыс Қазақстан облысының көлік және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Нұржан Жұмаділовке және өзінің орынбасары Серік Ақтановқа трамвай паркін оңалтудың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеуді тапсырды.

- Маған сіздерден қаражаттың қайда жұмсалғаны туралы ақпарат керек емес. Маған қашан, не істеу керектігі туралы нақты ұсыныстар қажет, сондай-ақ паркті оңалтуға қанша ақша қаржы керектігі туралы толық мәлімет қажет, - деді Даниал Ахметов.

Шенеуніктер осы жылдың соңына дейін трамвай мәселесін шешу жолдарын анықтауы керек.

Следующая →