Зырян қаласының аулалары жақын арада жөнделеді
Тұрғындарға жайлы өмір сүру ортасына құру туралы мәселе Елбасының жолдауына айтылған
Ал облыс әкімі Даниал Ахметов Зырян қаласында өткен актив отырысында аула атаулының барлығы жөнделетіндігін айтты.
- Зырян қаласында спорт кешені ашылатын болады әрі 60 адам жұмыспен қамтылады, - дейді Даниал Ахметов.
Зырян қаласының аулалары да дәл Өскемен мен Семейдегі жөнделген аулаларға ұқсатып, абаттандырылмақ.
- Аулаларда ойын алаңдары ашылып, кейбір көшелері кеңейтіліп, тұрақжайлар салынады. Аудандық қазандықты қалпына келтіріп, 6 Мвт қуатқа ие турбогенератор орнатамыз, - дейді аймақ басшысы.