Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Калинина
Ақпарат көзі:
Устинка

Тұрғындар енді күл шығарып, көмір тасымайды

Облыс орталығында 48 жанұя мүлдем жылуы жоқ баспанада тұрып жатқаны бұған дейін де айтылған болатын

Өскемендегі Аблакетка кентінің Челюскина көшесінде орналасқан 2 қабатты алты үйдің тұрғындары 1957 жылдан бері пеш жағумен келген. Ол жекеменшік пәтерлер болғандықтан, тұрғындар өздері ақша жинап, жылу мен су жүйесін ретке келтіріп алуға тиіс болған. Ал тұрғындар болса, шара қолданбады деп тұтынушылар кооперативінің жетекшісі мен Өскемен қаласының әкімдігін кінәлаған. Қыстың қақаған аязында отын-көмір тасу да егде тартқан адамға оңай емес. 27-ші үйдің тұрғыны Нина Щуканың соңғы үміті облыс әкімінде болғандықтан, тұрғындардың арызын жинап, аймақ басшының атына хат жолдап, көмек сұраған.

- Зейнеткерлер отын-көмірді тасуға, оны 2-ші қабатқа көтеріп шығару үшін адам жалдайды. Мұндағы тұрғындардың айтуынша, жылына әр үйге 6-7 тоннадай көмір кетеді. Бұл тамызықты қоспағанда. Шенеуніктер де бюджеттің жұқалығын айтып, біздің бетімізді сан мәрте бетін қайтарған, - деп Аблакетка ауданының тұрғындары дабыл қаққан соң осыдан екі ай бұрын облыс әкімі Даниал Ахметовтің өзі келіп, жағдаймен танысып, тұрғындарға биыл ешқандай отын-көмірді сатып алудың қажеті жоқтығын айтып сендіріп, аталмыш үйлерге жылу тартуды тапсырған болатын.

Осылайша 60 жылдан астам уақыт "буржуйка" пештерін қолданып, екінші қабатқа көмір тасуға мәжбүр болған тұрғындар үйінде бүгінде жылу берілді. Осылайша жарты ғасыр бойы шешімін таппаған мәселеге нүкте қойылды.

Следующая →