Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Автокөлік жүргізушісі шлагбаум үшін шенеуніктерді сотқа берді

Шлагбаумның кесірінен зақымдалған автокөлікті жөндеуге кеткен шығын бюджеттік қаржыдан өтеледі

Шулы істі Өскемен қалалық соты қарастыруда. BMW X5 көлігінің жүргізушісі нашар бекітілген шлагбаум қиратып кеткені үшін қалалық мекемені сотқа берді.

Сот барысында шенеуніктер өз кінәларын мойындаудан бас тартты. Бірақ сот шешімі жүргізушінің тарапын қолдады.

Іс материалдарынан анықталғандай, 25 наурыз күні кешкі сағат 20.00 шамасында Протозанов көшесіндегі Үлбі көпірі астындағы бекітілмеген шлагбаум салдарынан өтіп бара жатқан BMW X5 көлігі зақымдалған. Жүргізуші зардап шекпегенімен, көлікті жөндеуге 122 651 теңге жұмсалды.

Сондықтан көлік иесі осы соманы сұрап, нысанға тапсырыс бергендерге шағымданған. Яғни, ШҚО Құрылыс басқармасынан көліктің жөндеуіне кеткен қаржыны өндіріп алмақ болған.

Ал сот залында отырған жауап берушілер ЖКО фактісі орын алғанына күмәнданып, жүргізушінің талаптарынан бас тартуын сұраған. Бірақ сот өз шешімін шығарды.

- Залал келгенін Өскемен қалалық Ертіс полиция бөлімі құжат жүзінде растады. Оқиға орнына патруль жіберілді, жүргізуші түсінік берді, - деп хабарлайды қалалық сот баспасөз қызметі. - Осыған сай, сот арызданушының шағымын қанағаттандырды. Жауап беруші материалдық шығынды өтеп беруге міндеттелді.


Следующая →