Өскеменде онкологиялық ауруларға қарсы акция өтеді
ШҚО Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары сүт безі обырынан қалай қорғану керектігі жайында айтып береді
18 қазан күні 16.00-де Сәтбаев даңғылында орналасқан FreshMarket гастрономының қонақтары СӨС орталығының акциясына қатыса алады.
- Акция кезінде онкологиялық диспансер мен жастар ақпараттық-сараптамалық агенттік қызметкерлері флешмоб ұйымдастырып, онколог дәрігерлер келушілерге кеңес береді, - дейді СӨС орталығының Назигүл Қоңырбаева. - Одан өзге шеберлік сыныптары өтіп, онда ханымдарға сүт безін өзі қалай тексере алатындығы жайында кеңестер айтылады.
Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшыларының бағалауынша, жыл сайын әлемде сүт безі обыры дертіне шалдыққан 800 мыңнан 1 млн-ға дейін бикештер тіркеледі екен.