Өскемен күздің алтын түсімен көмкерілді
Өскеменнің күзгі көрінісі фототілшінің көзімен
Алтын күз – талай ақын мен жазушылардың шығармашылығына арқау болған кезең. Бұл уақытта мұңаюдың қажеті жоқ. Себебі қала түрлі түске боянып, керемет түрге енеді.
Ары-бері өз ісімен асыққан халық, қоймасын астыққа толтырған диқаншы, қыс азығын жинаған шаруа, еңбекпен біте қайнасқан тірлік - күз мезгіліндегі қызықты жайттар. Сондықтан күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады.
Осы орайда Устинка LIVE порталы өз оқырмандары үшін Өскеменнің қандай тамаша түрген боянғанын баян ететін фоторепортаж ұсынады.