Биыл Өскеменде жаяужолдар салынады
Қала әкімі Жақсылық Омар тұрғындарға жаяу жүргінші аймақтарының жақын арада өзгеретінін айтты
Өскемен тұрғындары қала әкімімен кездесуде облыс орталығының көптеген көшелерінде іс жүзінде ешқандай жаяужолдың жоқтығына шағым білдірді. Жақсылық Омар жағдайды түзетуге уәде берді.
Облыс орталығы басшысының айтуынша, жұмыс биыл басталмақ. Бірінші кезекте Белинский және Алматы көшелерінің арасындағы жедел жәрдем ауруханасы бойындағы жаяу жүргіншілер аймағы салынбақ.
Тақырыптар:
Тротуары в Усть-Каменогорске Благоустройство Усть-Каменогорска Аким Усть-Каменогорска Жаксылык Омар