Белый камень ауылында демалыс орны жабылды
Енді ауыл тұрғындары іс-шараларды Қызыл Шемонаихаға барып өткізеді
Ауыл клубы тұрғындар бос уақыттарын өткізетін жалғыз демалыс орны болатын. Бүгінде Шемонаиха ауданының Белый камень ауылындағы клубтың жабылғанына бір ай болды.
- Бізде мектеп жоқ, балабақша да жоқ, дүкен жоқ, енді клуб та жоқ, - дейді ауыл тұрғындары. - Мұнда әр түрлі іс-шаралар, жастар би кеші, мемлекеттік мерекелерге арналған концерттер өткізіліп тұратын. Барлық ауылды бір жерге жинайтын соңғы орыннан айырылдық. Ал Қызыл Шемонаихаға қалай барамыз екен? Көлік мәселесі қалай болмақ?
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Сельский клуб Акимат Шемонаихинского района Досуг в ВКО