Өскеменде ардагерлер мен тыл ардагерлеріне көмектесу үшін еріктілер іздестірілуде
Кез келген адам ерікті бола алады. Ол үшін тек бос уақыт пен қалауыңыз болса жеткілікті
"Жеңіс" жобасы жүздеген қамқор адамдарды біріктірді. Осы жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанның 30 қаласында, оның ішінде Өскеменде еріктілер жұмыс істей бастады. Жоба құрамында облыс орталығындағы жастар ұйымдары, ресурстық орталықтарының өкілдері, оқушылар, студенттер, мен ересектер арасындағы еріктілер тобы да бар. Еріктілер қиын өмірлік жағдайға тап болған және ҰОС ардагерлері мен тыл арадгерлеріне көмектеседі.
Егер ерікті болып, адамдарға көмектесуді мақсат етсеңіз, мына телефондарға хабарласуға болады: 8 (7232) 77-57-93, 8-772-268-91-08 (Сафонова Надежда - Өскемен қаласы бойынша жобаның үйлестірушісі).