Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Салық төлемегендерге қандай шара қолданылады?

Елімізде міндетті жер салығы мен мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталды

Былтыр қабылданған жаңа Салық кодексіне сәйкес, Қазақстан азаматтары 1 қазанға дейін жер мен мүлік салығын төлеп бітуі тиіс болатын.

Дегенмен қазіргі уақытта облыста 250-ден аса азамат жер мен мүлік салығын төлемеген борышкерлердің қатарына еніп отыр. Одан бөлек, 24 мыңға жуық көлік салығын төлемегендер бар.

Жаңа Салық кодексінің заңға әкелген өзгерістері мол болды. Соның бірі салық органдарына сот шешімінсіз-ақ бұйрық шығарып, айыппұл салу құзіреті берілгендігі жайлы айта кеткен жөн. Мәселен, ШҚО облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев биыл әкімшілік азаматтық істердің азаюына салық органдарына берілген құқықтық құзіреттің әсер еткенін мәлім еткен еді.

- Биылдан бастап бұрын азаматтық істердің санатына жататын салық төлемеу фактілері сотта қаралмайды. Салық органдары өздері бұйрық шығарып, сот орындаушыларына бере алады, - дейді Дамир Әбдіғалиұлы.

Ал сот орындаушылары борышкер азаматтардың еңбекақы алатын банк есепшоттары мен банк карточкаларын бұғаттап тастайды. Одан бөлек, мүлік пен жерді, көлікті сатуға да, шетелге шығуға да шектеу қойылады. Ал 1 қазаннан кешіктіріп төлеген борышкерлер айыппұлды да қоса төлейтін көрінеді.

- Борышкерге бірінші жолы тек ескерту жасалады. Егер қайталама 30 жұмыс күннің ішінде салық төленбесе, азаматқа 15 айлық есептік көрсеткіш (36 мың теңге) есебінде айыппұл салынады. Егер бұл жағдай тағы да қайталанып, салық төлеуші салық органдарына борышкер болған жағдайда, оған ешқандай банк мекемелері қызмет көрсетпейді. Банк қызмет көрсетер алдында, азаматтың салық органдарына қарыз не қарыз емес екендігін көре алады. Егер азамат салық органдарына берешек болса, банк карталары бұғатталады. Бұған дейін банктерге мұндай құзірет түрі берілмеген болатын, - дейді ШҚО облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының м.а. Еркін Жолдасбаев.

Жеке тұлғалардан тұрғынжайлар, саяжай мен үй құрылысы, көлікжай мен өзге де үй-жай құрылысы үшін мүлік салығы алынады.

Қазіргі уақытта жылдың басынан бері облыста жеке азаматтардан 171 млн теңге мүлік салығы, 903 млн теңге жер салығы, 2 млрд теңгеге жуық көлік салығы келіп түскен. Жер салығы мен мүлік салығын 1 қазанға дейін төлеу керек болса, көлік салығы желтоқсан айының соңына дейін жиналады.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілетін адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдерімен марапатталған адамдар, Социалистік Еңбек Ерлері, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, Даңқ және "Отан" ордендерін алған, "Батыр ана" атағына, "Алтын алқа" не "Күміс алқамен" наградталған көп балалы аналар көлік салығын төлемейді.

- Ал Ұлы Отан соғысына қатысқан және медаль мен орден алғандар, жетім балалар мен кәмелетке дейін ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, бала күнінен мүгедек болып қалған жандар жер салығын төлемейді. Сондай-ақ, былтырғы Салық кодексіне "мүгедек баланың әкесі мен анасының біреуі салық төлеуден босатылады" деген тармақ енгізілген, - дейді Еркін Қайырдоллаұлы.

Следующая →