Өскеменде мұражай-үй өртеніп, 12 өрт сөндіру бригадасы тартылды
"Әдемі сәттер" мұражай-үйінің ғимараты толығымен ағаштан жасалғандықтан өрт тез тарап кетті
Сағат 11.46-да Красин көшесіндегі мұражай-үйдің өртеніп жатқаны туралы шақырту түскен. Куәгерлердің айтуынша, ағаш құрылымдар жанып жатқан.
Оқиға орнына бірнеше өрт сөндіру бригадалары дереу жетті. Жағдайды бағалай отырып, құтқарушылар өрттің күрделілігін байқады. Енді оқиға орынында 12 бригада өртті ауыздықтауда.
- Соңғы мәліметтер бойынша өрт сөндіру алаңы 80 шаршы метрді құрады, бірақ өрт көлемі артуда. Үй толығымен ағаштан жасалғандықтан өрт барлық жерді жалмаған, - деп хабарлайды Өскемен қаласының ТЖД баспасөз қызметі.
Следующая →