Семейде үйде баланы жалғыз қалдыру оқиғалары жиілеп кеткен
Семейде үйде баланы жалғыз қараусыз қалдыру оқиғалары жиілеп кеткен
Семей қаласында ата-аналар өздерінің балаларын үйде қараусыз қалдырып, салдарынан өздері зардап шегуде. Атап айтқанда, қараусыз қалған балалар үйді ішінен бекітіп алады. Үйге кіре алмаған ата-аналар құтқарушылар көмегіне жүгінеді, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Ата-аналар санаулы уақытқа болсын үй сыртына шықса болғаны кішкентай бүлдіршіндер есікті шаппамен бекітіп алып, өздігінен есікті аша алмайды. Салдарынан құтқарушыларды шақыртуға тура келеді. ШҚО ТЖД хабарлауынша, осы жылдың басынан бастап облыс бойынша Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мамандары 124 баланы құтқарған.