Шығыс Қазақстанға ҚР білім министрі келді
Ерлан Сағадиевпен бірге ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова да келді
Министрлер оқытуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған "Ақ ниет" инклюзивті мектебінде болды.
- Интернатта балаларға түзетіп-дамытатын және сауықтыратын медициналық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар әр бағытта қосымша білім беріледі. Олар: робототехника, инженерлік дизайн, 3D үлгілеу, - деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Ерлан Сағадиев интернаттағы көрсетілетін қызметтерге көңілі толып, облыста бала біліміне ерекше көңіл бөлініп, қаражаттың да жеткілікті бөлініп жатқанын атап өтті.
- Облыста үш ауысымды оқыту және апаттық жағдайдағы мектептер деген мәселелер жоқ. Өйткені жаңа білім беру орындары салынуда. Біз, сонымен қатар, үштілді білім беру, мектептерді материалдық-техникалық жабдықтау жұмыстары жақсы екеніне көзіміз жетіп отыр, - деді Ерлан Сағадиев.