Өскемен құрылысшылары Ертіске қоқыс төгіп жүр
Бүгін түнде қала тұрғындарының бірі бейнетаспаға белгісіз біреулердің жүк көтергішпен Ертіс өзеніне қоқсық төгіп жатқанын түсіріп қалған
Оқиға Ертіс көпірінде 9 қазан күні түнде болған. Тұрғынның түсіріп алған видеосында қалай экскаватордың өзенге қоқыс төгіп жатқанын көруге болады.
Куәгерлердің ойынша, құрылысшылар коммуналды қызметке шығындалмау үшін қажет емес қоқыстарды өзенге төгу арқылы құтылмақ болған. Оқиға қала тұрғындарының арасында қызу талқыға түсіп жатыр. Экологиялық қауіпсіздік орталығы аталған дерек бойынша ешқандай арыз келіп түспегенін алға тартады.
- Бұл – экологиялық заңнаманы бұзу. Мұндай жағдайда көлікті мемлекеттік нөмірін тіркеп алып, құқық қорғау органдарына арыздану керек, - дейді орталық маманы Елена Полянцева.
Следующая →