Өскеменде иномарка жүргізушісі бағанаға соғылды
Жол-көлік апаты кеше күндіз Михаэлис және Алматинская көшелерінің қиылысында орын алды
Honda CR-V маркалы көліктің жүргізушісі алдымен жеңіл көлікпен соқтығысып, кейін бағанаға барып соғылған, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Полиция қызметкерлерінің пайымдауынша, Honda CR-V көлігінің 32 жастағы жүргізушісі Абай даңғылы арқылы Михаэлис көшесі бойымен келе жатқан. Көше қиылысында темір тұлпар тізгініндегі жүргізуші бас жолмен келе жатқан жеңіл көлікке жол бермеген. Салдарынан апат орын алған.
Соңғы уақытта кроссовер жүргізушісі орын алған мәселені ретке келтірмек болады. Алайда, ол тізгінге ие бола алмай, бағанаға барып соғылған.
- Honda CR-V маркалы көліктің жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, - деп Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, хаттамада жол-көлік апаты салдарынан ешкім зардап шекпегені хабарланды.